«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » 2025 жылы, еліміздің рухани ұстазы, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы атап өтіледі

2025 жылы, еліміздің рухани ұстазы, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы атап өтіледі

Осы айтулы датаға орай, Семей қаласында түрлі мәдени шаралар мен еске алу іс-шаралары ұйымдастырылады. Елімай футбол клубы да осы маңызды оқиғадан шет қалмай, Семей халқымен бірге Абайды еске алу салтанатына ат салысады. Ұлы ақынның шығармашылығы мен мұрасы бүгінгі ұрпаққа баға жетпес рухани қазына ретінде қалады. Барша Семей жұртшылығын және спорт сүйер қауымды мерейтойды бірге атап өтуге шақырамыз!

Тақырып бойынша материалдар

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.

Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай

Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай

Астана Аренада сенімді үш ұпайға қол жеткіздік.

Елордалық «Жеңіс» клубымен өткен тартысты ойынға 8000-ға жуық көрермен жиналды. Ойынның алғашқы таймы алаң иелерінің басым шабуылдарымен өтті. Алайда, екінші таймда ойыншыларын сәтті алмастыра білген Андрей Карповичтің шәкірттері 90 минут ішінде семейліктердің мерейін үстем етті.Жан Али Пайруздың бұрыштамасын Самюель Одеоибо голға айналдырып, жеңіс голын салды.Осылайша Астана Аренадағы жорығымыз жарқын жеңіспен