Главная страница » Клуб жаңалықтары » Бүгін біз үшін маңызды оқиға болды — FC «Mura» (Словения) клубымен меморандумға қол қойылды

Бүгін біз үшін маңызды оқиға болды — FC «Mura» (Словения) клубымен меморандумға қол қойылды

Осы келісім аясында бірнеше маңызды бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істейтін боламыз:

Балалар футболын дамыту — бұл бағытта біз балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың мүмкіндіктерін барынша дамыту үшін жұмыс істейтін боламыз.

«Елімай» ФК балаларының халықаралық турнирлерге қатысуы — Абай облысының балаларына халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, әлемнің ең үздік жас ойыншыларымен бәсекелесуге мүмкіндік беріледі.

Балалар жаттықтырушыларына тәжірибе алмасу — біздің жаттықтырушыларымызға әлемдік тәжірибені игеру үшін Словенияда тәжірибеден өту мүмкіндігі беріледі, бұл олардың кәсіби біліктілігін арттыруға үлкен септігін тигізеді.

Клубтың маркетинг және мерчендайзинг саласында дамуы — біз клубты сырттай насихаттау және оның табысын арттыру үшін жаңа маркетингтік стратегиялар мен мерчендайзинг бағыттарында бірлесіп жұмыс істейтін боламыз.

Тақырып бойынша материалдар

WELCOME TO EUROPE.

Еуропа қарашы, бұл Абайдың даласы! __________ WELCOME TO EUROPE. Elimai have done it — we’re heading to the UEFA Conference League! The dream begins now.  @fc_elimai