Главная страница » Клуб жаңалықтары » Қазақстан футболының жаңа дәуіріне тағы бір қадам

Қазақстан футболының жаңа дәуіріне тағы бір қадам

10 тамыз күні Семей қаласында «Елімай» футбол клубы» КеАҚ-ның алғашқы Директорлар кеңесінің отырысы өтті.
Бұл – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы келесі қадам.

Директорлар кеңесі мына құрамда бекітілді:

✅Нұрбаев Орман Кәрімұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, «Шәкәрім Университеті» КеАҚ-ның директоры

✅Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы – «Семей медицина университеті» КеАҚ-ның ректоры

✅Омаров Талғат Төлегенұлы – «Қазполиграф» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы

✅Оралбеков Әділет Оралбекұлы – «Alatau City Bank» АҚ Алматы филиалының директоры, Абай облыстық футбол федерациясының бірінші вице-президенті

✅Каган Виталий Михайлович – ФИФА төрешісі, ұлттық жоғарғы санаттағы төреші

✅Асқар Уранхаев Еркінұлы – Абай облыстық футбол федерациясы президентінің кеңесшісі

✅Жаленов Бинұр Мұратұлы – Ұлттық банктің төрағасына кеңесші, цифрлық трансформация жөніндегі жетекші

✅Базенов Айрат Базенұлы – «Алихан Бөкейхан Университеті» КЕАҚ тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры

✅Байғалиев Серік Марксұлы – Абай облысы бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Президент саясатын қолдау орталығы» ҚҚ филиалының басшысы

Барлығы – Абай облысының тумалары, абыройлы, мол тәжірибесі бар, қоғамда ықпалы жоғары азаматтар.

Сонымен қатар, Salem Entertainment компаниясының басқарма төрағасы – Омаров Рүстем Егеубекұлы да бекітілді.

Директорлар кеңесінің құрылуы – жай ғана ресми қадам емес, бұл клубты басқарудың ашықтығына, қаржылық жауапкершілікке және тұрақты дамуға бағытталған маңызды шешім.
«Елімай» өз тарихының жаңа кезеңін бастайды – футбол мен туған жерге деген сүйіспеншілікпен біріктірілген мықты басқарушы команданың қатысуымен!

Тақырып бойынша материалдар

WELCOME TO EUROPE.

Еуропа қарашы, бұл Абайдың даласы! __________ WELCOME TO EUROPE. Elimai have done it — we’re heading to the UEFA Conference League! The dream begins now.  @fc_elimai