Өткен жылы Бірінші лигада премьер-лига үшін тартысқан қос ұжым кеншілер қаласында бас қосты. Ойынның екі бөлігінде семейлік құрам 16 соққы жасап үлгерсе, елордалық ұжым 10 соққы орындап бір гол соға білді. Алғашқы таймда тең тарқасқан соң Елімай шабуылды үдетіп Корнеттің орындауындағы әдемі голға ие болды. Жеңіс голын Юрий Перцух соғып командасына үш ұпай әкелуге септігін тигізді
Қазақстан футболының жаңа дәуіріне тағы бір қадам
10 тамыз күні Семей қаласында «Елімай» футбол клубы» КеАҚ-ның алғашқы Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Бұл – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы келесі қадам. Директорлар кеңесі мына құрамда бекітілді: ✅Нұрбаев Орман Кәрімұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, «Шәкәрім Университеті» КеАҚ-ның директоры ✅Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы –