Абай облысының футбол федерациясы және «Елімай» ФК ұйымдастыруымен өңірге қарасты барлық аудан мен ауылдың дене-шынықтыру пәні мұғалімдерінің семинары өтуде. Екі бөлімнен тұратын семинардың алғашқы күні теориялық білімге негізделсе, ертең практикалық тұрғыда жұмыс жасау жоспарда бар. Аталған жиында бұқаралық спорттың тек қалалы жерде емес, шалғайдағы ауылдарда заман талабына сай дамуы алға тартылды. Ең бастысы UEFA «D» категориясының сертификаттары табысталады.
Қазақстан футболының жаңа дәуіріне тағы бір қадам
10 тамыз күні Семей қаласында «Елімай» футбол клубы» КеАҚ-ның алғашқы Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Бұл – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы келесі қадам. Директорлар кеңесі мына құрамда бекітілді: ✅Нұрбаев Орман Кәрімұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, «Шәкәрім Университеті» КеАҚ-ның директоры ✅Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы –