ҚФФ бұл сыйлықты 2013 жылдан бастап премьер-лигада ең көп ойын өткізген ойыншыға беруде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша премьер-лигада 352 матч өткізген Дмитрий Шомко аталмыш жүлденің иегері атанды. «Жетісумен» ойын алдында жүлдені Семей футболының ардагері Александр Борисов табыстады.
Осыған дейін бұл жүлде Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдуллин, Мақсат Байжанов, Азат Нұрғалиев, Эдуард Сергиенко, Александр Мокин және Марат Шахметовке табысталды.
Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай
Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай