Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, 8 дүркін ел жүлдегері қарағандылық жартылай қорғаушы Аслан Дарабаев Елімай футбол клубымен келісімшартқа отырды. 2022 жылы Ұлттар лигасы қарсаңында, Германия елінде өтіп жатқан “Еуро 2024” бәсекесінде бақ сынап жатқан Словакия құрамасының қақпасынан саңылау таба білді. «Иртыш», «Тобыл» сапында жүріп УЕФА Еуропа лигасында ойнап жеңісті голдармен жанкүйерлердің жүрегінен орын таба білді. Жалпы футбол мансабында 275 ойын өткізіп 35 гол авторы атанған. Ұлттық құраманың тәжірибелі ойыншысы Елімайдың қатарын толықтырғанын қуанышпен хабарлап, сәттілік тілейміз!
Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай
Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай