«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Мәңгі есте

Рафаэль Фаритович кәсіби футбол алаңында ғана емес, өмір дейтін ұлы бекетте ұстаз бола білген адам.

Саналы ғұмырын шәкірттеріне арнап қана қоймай, өмірлік маңызды құндылықтарды олардың бойына сіңіре білді: адалдық пен еңбекқорлықты және қарсыласын құрметтеуді үйретті. Оның тұлғалық келбетіне қарап семейлік талантты ойыншылар бой түзеді, олардың көпшілігі жасыл алаңда ғана емес өмірде де үлкен жетістіктерге жете білді.

«Елімай» футбол клубы біздің жаттықтырушымызды білетін және жақсы көретін барлық адамдармен бірге қайғырып еске алады. Біз үшін бұл орны толмас қайғы. Оның ынта-жігері және футболға деген құштарлығы тәлім-тәрбие алған шәкірттерінің есінде мәңгі қалады.

Осы қиын сәтте «Елімай» футбол клубы Рафаэль Фаритовичті жерлеу шығындарын өтеу үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Сонымен қатар жалақысын биылғы футбол маусымының соңына дейін артта қалған отбасына қолдау көрсету үшін клуб төлейтін болады. Бұл өлмейтұғын артына із қалдырған тұлғаның жасаған игі істеріне алғысымыз.

Біздің жаттықтырушымыздың жаны тыныштықта болсын. Оның артына қалдырған өшпес мұрасы әрқайсымыздың жүрегімізде өмір сүреді. Біз оның жарқын күлкісін, дана кеңестерін және футболға деген шынайы сүйіспеншілігін ешқашан ұмытпаймыз.

Тақырып бойынша материалдар

«Елімай» — тек футбол клубы ғана емес, одан да кең көлемдегі ұғым!

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау семейлік «Елімай» футбол клубына арнайы барып, клуб басшылығымен және бас бапкерімен кездесті. Кездесу барысында ол клубтың жалпы жұмысы, инфрақұрылымы және болашақ жоспарларымен танысты. Сырымбек Тау клубтың даму стратегиясына, әсіресе жергілікті жастардан құралған жасөспірімдер командасының жетістіктеріне және әйелдер

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.

Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай

Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай