«Елімай» ФК қолдауымен Спартак стадионының жанындағы жасанды төсеніш алаңында 2015-2016 жылы және 2012-2014 жылы туған жасөспірімдер арасында лига басталды. Футболға жаны құмар балалардан құралған 22 команда қыркүйек айына дейін өзара жеңімпазды анықтайтын болады. «Елімай» футбол орталығының командалары ғана емес жеке футбол мектептерінің командалары қатысуы мүмкіндігі бар бұл лигада өткен жылғыдан қарағанда биыл ниет білдірушілер қатары артқан. Бұл Семей қаласындағы жас бүлдіршіндердің бұқаралық спортқа жоғары зейін қоюының айқын дәлелі!
Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай
Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай