«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Біріншіліктің ашылу салтанаты Семей қаласының  қос бірдей «Водник» және «Цементник» стадиондарында өтті. Аталған турнир «Елімай» ФК және «Абай облысы футбол федерациясының» әрі «Абай облысының Дене шынықтыру және спорт басқармасының» қолдауымен өтуде.

Облыстың әртүрлі аудандарынан 9 команда 3 топта футбол шайқастарын бастады. Бірінші турда «Ақсуат» командасы «Курчатов» командасын жеңді. Осы қызықты турнирдің қорытынды нәтижелері ертең жарияланады.