Қазақстан премьер-лигасының алғашқы ойыны мұнайшылар қаласындағы «Атырау» ұжымына қарсы өтті. Алғашқы голды алаң иелері бұрыштама арқылы стандартты сәтті орындап соға білді. Елімайлықтардың жауабы Мужиковтың пасымен Муличтің шебер соққысымен ұласты. Қос құрам үзіліске тең нәтижемен тарқасты. Екінші таймда күтпеген жерден Елімай қақпасына пенальти белгіленіп Барбоза Атыраудың бағын үстем етті.
«Елімай» — тек футбол клубы ғана емес, одан да кең көлемдегі ұғым!
«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау семейлік «Елімай» футбол клубына арнайы барып, клуб басшылығымен және бас бапкерімен кездесті. Кездесу барысында ол клубтың жалпы жұмысы, инфрақұрылымы және болашақ жоспарларымен танысты. Сырымбек Тау клубтың даму стратегиясына, әсіресе жергілікті жастардан құралған жасөспірімдер командасының жетістіктеріне және әйелдер