«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » «Ертіс бойы» турнирінің ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда

«Ертіс бойы» турнирінің ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда

11 наурызда екінші Zoom-конференциясы өтіп, оған төменде көрсетілген командалардың өкілдері қатысты:

  1. «Елімай» Семей қаласы
  2. «Алтай» Өскемен қаласы
  3. «RB ARMAN» Павлодар қаласы
  4. «FC FORSAGE»
  5. «BARS»
  6. ⁠«Ертіс» Павлодар қаласы

Конференцияның негізгі тақырыбы Лига ережелерін талқылау болды, және барлық командалар турнирге қатысатындарын растады. Сонымен қатар, Омбы қаласынан РФ командалардың қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім 26 наурызға дейін қабылданады.

Келесі Zoom-конференциясы 26 наурызда өтеді, онда жарыстың күнтізбесі, қалалар мен матчтар күндері анықталады.

Тақырып бойынша материалдар

Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай

Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай

Астана Аренада сенімді үш ұпайға қол жеткіздік.

Елордалық «Жеңіс» клубымен өткен тартысты ойынға 8000-ға жуық көрермен жиналды. Ойынның алғашқы таймы алаң иелерінің басым шабуылдарымен өтті. Алайда, екінші таймда ойыншыларын сәтті алмастыра білген Андрей Карповичтің шәкірттері 90 минут ішінде семейліктердің мерейін үстем етті.Жан Али Пайруздың бұрыштамасын Самюель Одеоибо голға айналдырып, жеңіс голын салды.Осылайша Астана Аренадағы жорығымыз жарқын жеңіспен

Елімай Семейге оралады!

4 мамыр күні, сағат 18:00-де, Спартак стадионында тарихи сәттің куәсі болыңыз – “Елімай” өз алаңында “Оқжетпеске” қарсы ойнайды! Бұл — Қазақстан Премьер-Лигасының 7-тур ойыны.Билеттерді ресми сайтымыздан онлайн түрде сатып алуға болады. Сондай-ақ абонементтер сатылып жатқанын естен шығармаңыз! Қазақ футболының отаны — Семейдің жанкүйерлері! Сіздерді стадионда күтеміз!Жеңіске бірге жетейік! Билеттер 28