Елордалық «Жеңіс» клубымен өткен тартысты ойынға 8000-ға жуық көрермен жиналды. Ойынның алғашқы таймы алаң иелерінің басым шабуылдарымен өтті. Алайда, екінші таймда ойыншыларын сәтті алмастыра білген Андрей Карповичтің шәкірттері 90 минут ішінде семейліктердің мерейін үстем етті.
Жан Али Пайруздың бұрыштамасын Самюель Одеоибо голға айналдырып, жеңіс голын салды.
Осылайша Астана Аренадағы жорығымыз жарқын жеңіспен аяқталды!
Қазақстан футболының жаңа дәуіріне тағы бір қадам
10 тамыз күні Семей қаласында «Елімай» футбол клубы» КеАҚ-ның алғашқы Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Бұл – Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың кәсіби футболды коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын жүзеге асырудағы келесі қадам. Директорлар кеңесі мына құрамда бекітілді: ✅Нұрбаев Орман Кәрімұлы – Директорлар кеңесінің төрағасы, «Шәкәрім Университеті» КеАҚ-ның директоры ✅Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы –