«Елімай» футбол клубы үшін бұл мереке туған өлкеміздің тарихы мен мәдениетіне деген мақтаныш қана емес, сонымен қатар болашаққа батыл қадам жасау мүмкіндігі болып отыр.
Мерейтой күні біз Біріккен Араб Әмірліктерінің United Football Academy футбол орталығымен әрі БАӘ біріншілігінде ойнайтын United футбол клубымен ынтымақтастық жөнінде меморандумға қол қойдық .
Бұл келісім балалар футболын дамытуға, жаттықтырушылар арасындағы тәжірибе алмасуға, бірлескен жиындар өткізуге және халықаралық турнирлерге қатысуға бағытталған.
Біз үлкен футбол әлеміне ашылған есіктер жас спортшыларымыздың өсіп, үйреніп, армандарын батыл жүзеге асыруына көмектесетініне сенеміз.
«Адамды адам еткен – еңбек», – деген еді ұлы Абай.
Біз спорттағы жетістік — күн сайын өзіңмен жұмыс істеудің нәтижесі екенін жақсы білеміз. Сол себепті біз балалар футболына инвестиция салып отырмыз — дәл осы жерде болашақ чемпиондар дүниеге келеді.
Бірге — жаңа белестерге!