Қазақстан премьер-лигасының алғашқы ойыны мұнайшылар қаласындағы «Атырау» ұжымына қарсы өтті. Алғашқы голды алаң иелері бұрыштама арқылы стандартты сәтті орындап соға білді. Елімайлықтардың жауабы Мужиковтың пасымен Муличтің шебер соққысымен ұласты. Қос құрам үзіліске тең нәтижемен тарқасты. Екінші таймда күтпеген жерден Елімай қақпасына пенальти белгіленіп Барбоза Атыраудың бағын үстем етті.
Елімай Қайратты тізе бүктірді
Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.