ҚФФ бұл сыйлықты 2013 жылдан бастап премьер-лигада ең көп ойын өткізген ойыншыға беруде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша премьер-лигада 352 матч өткізген Дмитрий Шомко аталмыш жүлденің иегері атанды. «Жетісумен» ойын алдында жүлдені Семей футболының ардагері Александр Борисов табыстады.
Осыған дейін бұл жүлде Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдуллин, Мақсат Байжанов, Азат Нұрғалиев, Эдуард Сергиенко, Александр Мокин және Марат Шахметовке табысталды.
«Ертіс бойы» турнирінің ұйымдастыру жұмыстары жалғасуда
11 наурызда екінші Zoom-конференциясы өтіп, оған төменде көрсетілген командалардың өкілдері қатысты: Конференцияның негізгі тақырыбы Лига ережелерін талқылау болды, және барлық командалар турнирге қатысатындарын растады. Сонымен қатар, Омбы қаласынан РФ командалардың қатысу мүмкіндігі қарастырылуда. Бұл мәселе бойынша соңғы шешім 26 наурызға дейін қабылданады. Келесі Zoom-конференциясы 26 наурызда өтеді, онда жарыстың күнтізбесі,