«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » Егор Сорокин QFL Премьер-лигасы 4-турының үздіктер құрамына енді!

Егор Сорокин QFL Премьер-лигасы 4-турының үздіктер құрамына енді!

Елімай қорғаушылары жарап тұр. Оған дәлел қатарынан турдың үздіктер құрамына қорғаушылырымыз енуде. Өткен жолы Дмитрий Яшин сарапшылардың назарына ілінгенін еске саламыз. Бұл жолы ойында ең көп 65 мәрте пас беріп, қорғаныста 13 мәрте допқа таласты сәтті жүргізген Егор Сорокин үздік атанды.

Тақырып бойынша материалдар

«Елімай» әйелдер командасы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ресми ойынын өткізді

«Елімай» футбол орталығының екі тәрбиеленушісі Виктория Церульникова мен Аделия Калтаева команда сапында дебют жасады. Барлығы алты Футбол орталығының тәрбиеленушілері тарихи матчтың тізімінде болды. Бұл жоғарыда аталған ойыншылардан басқа – Альбина Ерболова, Томирис Амангелді, Азалия Вафина және Дарья Самет.

Фессу Меме Плакка маусымдағы төртінші голын соғып үздік ойыншы атанды

Қазақстан кубогының плей-офф кезеңін Елімай сырт алаңда жеңіспен бастады. Алғашқы таймда Фессу Меме Плакка мен Әділбек Жұмахановтың голы семейлік жігіттерге шабыт берді. Екінші таймда Плакка дубль авторы атанып командасын сенімді жеңіске жетеледі. Мамыр айында ширек финал ойынды Қызылжарға қарсы Петропавл қаласында өткізеді.

Елімай футбол клубы 2-лига ойындарын Аягөзде өткізеді

Елімай футбол клубы Қазақстанның 2-лигасындағы ресми ойындарын Аягөз қаласында өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама аймақтағы футбол инфрақұрылымын дамытуға, жергілікті жанкүйерлердің қызығушылығын арттыруға және жастарды спортқа баулуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Клуб басшылығының айтуынша, бұл шешім Аягөз қаласындағы спорттық әлеуетті және жергілікті тұрғындардың футболға деген сүйіспеншілігін ескере отырып қабылданды.