«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » ЕЛІМАЙ (ЕСА) МҮШЕСІ БОЛУҒА ШАҚЫРТУ АЛДЫ

ЕЛІМАЙ (ЕСА) МҮШЕСІ БОЛУҒА ШАҚЫРТУ АЛДЫ

«Елімай» футбол клубы еуропалық клубтар қауымдастығының (ECA) мүшесі болуға шақырту алғандығын қуанышпен хабарлайды. Әлемдік футбол аренада ойып тұрып орын алатын ұйымның қазақ футболының отанына назар аударуы Семейде атқарылған қажырлы еңбектің маңызды көрсеткіші және нәтижесі болып табылады. 

ECA-еуропалық клубтардың мүддесі үшін құрылған және ФИФА мен УЕФА мойындаған тәуелсіз ұйым. Бавария Мюнхен, ПСЖ, Ливерпуль, Рома және еуропа континентінің түкпір-түкпірінен келген басқа клубтар сияқты еуропалық футбол грандтарымен бір қатарда болу біз үшін үлкен мәртебе.

ECA мүшелігі біздің клубқа ECA Бас Ассамблеясына қатысуға, сондай-ақ эксклюзивті білім беру, ғылыми-техникалық және спорттық платформаларға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл жаңа көкжиектерді ашады және футболды озық әдістермен дамытуға күшті серпін береді.

Елимай ФК басшылығы қауымдастықтың Ньондағы (Швейцария) штаб-пәтеріне ресми кездесу үшін шақырылды, ол туралы қосымша хабарланатын болады. 

«Елімай» ФК ECA-ның әділ ойынды қорғау және футболды дамыту жөніндегі құндылықтары мен мақсаттарымен толық бөліседі. Біз осы беделді ұйымның бір бөлігі болғанымызды және футбол дәстүрлерімізді нығайта беретінімізді мақтан тұтамыз.

Тақырып бойынша материалдар

«Елімай» әйелдер командасы Қазақстан чемпионатындағы алғашқы ресми ойынын өткізді

«Елімай» футбол орталығының екі тәрбиеленушісі Виктория Церульникова мен Аделия Калтаева команда сапында дебют жасады. Барлығы алты Футбол орталығының тәрбиеленушілері тарихи матчтың тізімінде болды. Бұл жоғарыда аталған ойыншылардан басқа – Альбина Ерболова, Томирис Амангелді, Азалия Вафина және Дарья Самет.

Фессу Меме Плакка маусымдағы төртінші голын соғып үздік ойыншы атанды

Қазақстан кубогының плей-офф кезеңін Елімай сырт алаңда жеңіспен бастады. Алғашқы таймда Фессу Меме Плакка мен Әділбек Жұмахановтың голы семейлік жігіттерге шабыт берді. Екінші таймда Плакка дубль авторы атанып командасын сенімді жеңіске жетеледі. Мамыр айында ширек финал ойынды Қызылжарға қарсы Петропавл қаласында өткізеді.

Елімай футбол клубы 2-лига ойындарын Аягөзде өткізеді

Елімай футбол клубы Қазақстанның 2-лигасындағы ресми ойындарын Аягөз қаласында өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама аймақтағы футбол инфрақұрылымын дамытуға, жергілікті жанкүйерлердің қызығушылығын арттыруға және жастарды спортқа баулуға бағытталған маңызды қадам болып табылады. Клуб басшылығының айтуынша, бұл шешім Аягөз қаласындағы спорттық әлеуетті және жергілікті тұрғындардың футболға деген сүйіспеншілігін ескере отырып қабылданды.