«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » Елімай футбол клубы 2-лига ойындарын Аягөзде өткізеді

Елімай футбол клубы 2-лига ойындарын Аягөзде өткізеді

Елімай футбол клубы Қазақстанның 2-лигасындағы ресми ойындарын Аягөз қаласында өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл бастама аймақтағы футбол инфрақұрылымын дамытуға, жергілікті жанкүйерлердің қызығушылығын арттыруға және жастарды спортқа баулуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Клуб басшылығының айтуынша, бұл шешім Аягөз қаласындағы спорттық әлеуетті және жергілікті тұрғындардың футболға деген сүйіспеншілігін ескере отырып қабылданды. Алдағы уақытта стадионды жаңғырту, жанкүйерлерге қолайлы жағдай жасау және жастар футболын дамыту бағытында нақты жұмыстар жүргізілмек.

«Бұл тек клуб үшін ғана емес, жалпы өңір үшін үлкен мүмкіндік. Біз Аягөзде жаңа жанкүйерлер қауымын қалыптастырып, балалар мен жасөспірімдер арасында футболдың дамуына ықпал етуді көздеп отырмыз», — дейді клуб өкілдері.

Тақырып бойынша материалдар

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.

Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай

Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай

Астана Аренада сенімді үш ұпайға қол жеткіздік.

Елордалық «Жеңіс» клубымен өткен тартысты ойынға 8000-ға жуық көрермен жиналды. Ойынның алғашқы таймы алаң иелерінің басым шабуылдарымен өтті. Алайда, екінші таймда ойыншыларын сәтті алмастыра білген Андрей Карповичтің шәкірттері 90 минут ішінде семейліктердің мерейін үстем етті.Жан Али Пайруздың бұрыштамасын Самюель Одеоибо голға айналдырып, жеңіс голын салды.Осылайша Астана Аренадағы жорығымыз жарқын жеңіспен