«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » «Елімай» футбол клубының матчтарына аккредиттеу

«Елімай» футбол клубының матчтарына аккредиттеу

«Елімай» футбол клубының баспасөз қызметі биылғы маусымның үйдегі матчтарына жұмыс істеу үшін аккредитацияға өтініш қабылдауды бастады.

Аккредиттеу туралы БАҚ өтініштері басшының қолы қойылған және мөрімен расталған басылымның ресми бланкісінде тегі, аты, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі, сондай-ақ журналистердің байланыс деректері, редакциялық тапсырмалары көрсетілген хат түрінде қабылданады. Сондай-ақ әрбір БАҚ өкілінің функцияларын (жазушы журналист, фотограф, теледидар, радио) көрсету қажет.
Хаттарды баспасөз қызметіне – info.fcelimai@gmail.com электронды поштасына 2025 жылдың 6 наурызына дейін жіберілу керек.
Байланыс телефоны: +7 747 110 01 53

Тақырып бойынша материалдар

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.

Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай

Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай

Астана Аренада сенімді үш ұпайға қол жеткіздік.

Елордалық «Жеңіс» клубымен өткен тартысты ойынға 8000-ға жуық көрермен жиналды. Ойынның алғашқы таймы алаң иелерінің басым шабуылдарымен өтті. Алайда, екінші таймда ойыншыларын сәтті алмастыра білген Андрей Карповичтің шәкірттері 90 минут ішінде семейліктердің мерейін үстем етті.Жан Али Пайруздың бұрыштамасын Самюель Одеоибо голға айналдырып, жеңіс голын салды.Осылайша Астана Аренадағы жорығымыз жарқын жеңіспен