«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау семейлік «Елімай» футбол клубына арнайы барып, клуб басшылығымен және бас бапкерімен кездесті. Кездесу барысында ол клубтың жалпы жұмысы, инфрақұрылымы және болашақ жоспарларымен танысты.
Сырымбек Тау клубтың даму стратегиясына, әсіресе жергілікті жастардан құралған жасөспірімдер командасының жетістіктеріне және әйелдер командасының құрылуына ерекше назар аударды. Ол бұл бастамалардың аймақ жастарының спортқа қызығушылығын арттырып, дені сау ұлт қалыптастыруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
Сонымен қатар, кәсіпкер «Елімай» жобасының ауқымдылығына және оның өңірлік спортты дамытудағы әлеуетіне жоғары баға берді. Бұл тек футбол клубы ғана емес, бүкіл өңірге үлгі боларлық үлкен әлеуметтік жоба екенін айтты.
Сырымбек Таудың осындай қолдауы өңірдегі спорт инфрақұрылымының дамуына жаңа серпін беретіні сөзсіз.