2012-2017 жылы туған балалар аралығында 250-ге жуық бүлдіршін “Спартак” стадионында «Елімай» футбол орталығының бапкерлерінің алдында қаралымнан өтті. Әр баланың бойында Семей футболының болашағы боламын деген таудай талап бар. Елімай сол арманға толы жүректің тоғыстырған нүктесіне айналды. Ашық есік күнімен басталған бүгінгі футбол мерекесі «Елімай» — «Қайрат» ойынымен жалғасын таппақ.
Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай
Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай