«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » Максим Коваль — Елімай футбол клубының жаңа ойыншысы

Максим Коваль — Елімай футбол клубының жаңа ойыншысы

Украиналық қақпашы запарожьелік «Металлургтің» түлегі. Максим өзінің туған командасынан бөлек, киевтік «Динамо», «Говерла», даттық «Оденсе», испаниялық «Депортиво», сауд арабиялық «Әл-Фатех» және молдовалық «Шериф» клубтарында өнер көрсеткен. Ол 2012-13 жылғы Украина Біріншілігінің үздік қақпашысы атанған. Сонымен қатар, ол Украина Кубогінің иегері, Молдова Біріншілігі мен Кубогінің жеңімпазы. 31-жасар футболшы Украина ұлттық құрамасы сапында 2012 жылғы Еуропа чемпионатының қатысушысы. Максим Коваль біздің командамызға грекиялық «Арис» клубынан еркін агент ретінде ауысты.

Сондай-ақ, тәжірибелі футболшы Еурокубоктерде 49 матчқа қатысып үлгерді.

 Макс, «Елімайға» қош келдің!

Тақырып бойынша материалдар

Бүгін біз үшін маңызды оқиға болды — FC «Mura» (Словения) клубымен меморандумға қол қойылды

Осы келісім аясында бірнеше маңызды бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істейтін боламыз: Балалар футболын дамыту — бұл бағытта біз балалардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың мүмкіндіктерін барынша дамыту үшін жұмыс істейтін боламыз. «Елімай» ФК балаларының халықаралық турнирлерге қатысуы — Абай облысының балаларына халықаралық деңгейде тәжірибе жинап, әлемнің ең үздік жас ойыншыларымен

Елімай футбол клубы ашық есік күнін өткізді

«Елімай» футбол клубы қайта құрылғалы бері қоғаммен тығыз байланыс орнатып, ашықтықты ұстанып келеді. Бүгін Семей қаласындағы Спартак стадионында өткен ашық есік күні соның айқын дәлелі болды. Клуб басшылығымен жүздесіп, кері байланыс орнатқан 250-ге жуық жанкүйер футболдың болашағына алаңдаушылық білдіріп, өз пікірлерін ортаға салды. Елімай – тек негізгі құрамнан ғана тұратын

Елімай футбол клубы алғашқы үш ұпайын иеленді

Елімай командасы маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді! Астана аренада ауа райының әсерінен өткен кездесуде, Қызылордадан келген команданы 2 гол айырмашылығымен жеңіп, алғашқы үш ұпайды еншіледі. Гол авторы Роман Тугарев пен Фессу Плакка Сырт алаңдағы ойынмен пара-пар деңгейдегі бұл матчқа 5300 жанкүйер жиналып, Семейліктердің жеңісіне куә болды. Командаға қолдау білдірген барлық