QFL премьер-лигасының қос ойынымен қатар ел кубогінің плей-офф кезеңі және лига кубогінің топтық іріктеу ойындары «Спартак» стадионында өтеді. Атап айтсақ Елімай-Қызылжар матчы 8-мамыр күні кешкі сағат 20:00-де өтеді. Ал премьер-лига ойындары 12 және 19 мамыр қатар келетін қос жексенбі күні кешкі уақытта өткізу жоспарлануда. Қайратқа қарсы ойын жылдың басты ойындарына айналатыны сөзсіз. Себебі кешкі сағат 21:00-де өткізіледі. Лига кубогіндегі жорығымыз өткен жылы көптің көңілінен ойып тұрып орын алған қарсыласымыз Тұранмен 25-мамыр күні кешкі сағат 20:00-де Спартак стадионында өтеді. Мамыр айы семейліктер үшін мамыражай футбол тамшалайтын мезгіл!
Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай
Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай