«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » Біз тек қатарымызды ғана емес, географиямызды да кеңейтеміз

Біз тек қатарымызды ғана емес, географиямызды да кеңейтеміз

Елімай ФК әкімшілігі Абай облысының футбол федерациясымен бірлесіп Аягөз қаласына іс-сапар жасады. Қаланың қасбетімен қатар футболдың философиясы жаңа мазмұнға ие болады.

  1. Елімай футбол клубы мен Аягөз қаласының спорт бөлімі арасында футбол орталығының филиалын ашу туралы Меморандумға қол қойылды (қазіргі уақытта онда 200-ден астам бала жаттығуда)
  2. Қазіргі уақытта қаланың орталық стадионында косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде және Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Алаң” бағдарламасы бойынша жасыл алаң салынады. Барлық жұмыстарды осы жылдың тамыз айына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ең маңызды жаңалық!

Егер меморандумның барлық тармақтары осы жылы сәйкестендірілсе, онда “Елімай жастары” командасы өз матчтарын Аягөзде өткізеді!
Бұл бүкіл ауданның дамуына жаңа серпін беріп, еліміздің әр өңірінен командалар келеді мен қонақтар келеді. Жанкүйерлер мен қала тұрғындары жаңа демалыс форматына ие болады. Үлкен футбол — барлығы жиналатын орынға айналады.

Қалада қонақ үй, теміржол желісі, жақсы автобан, қоғамдық тамақтану орындары бар және үлкен чемпионаттың келуімен қайта көшірілген инфрақұрылым жаңа деңгейге шығады деп ойлаймыз.

Тақырып бойынша материалдар

Жаңа жаусымның оқу жаттығу жиыны қарсаңында «Елімай» футбол клубын Ресей бірінші лигасында көш бастап келе жатқан «Балтика» ұжымы қабылдады.

Жаңа жаусымның оқу жаттығу жиыны қарсаңында «Елімай» футбол клубын Ресей бірінші лигасында көш бастап келе жатқан «Балтика» ұжымы қабылдады. 90 минутқа созылған ойынды Қырғызстандық төрешілер қазылық етті. Ойынның 17 минутында Әділбек Жұмахановқа қызыл қағаз көрсетіліп алаңнан қуылды. Жуырда ғана қатарға қосылған Эдуард Флореску дебьюттік ойынын өткізді. Алғашқы таймда тең тарқасқан

Қош келдің Анеля

«Елімай» қыздар футбол клубы 18 жастағы Анелямен келісімшартқа отырды. Шымкент футболының түлегі Анеля Мамырова 2023 жылы Әйелдер Премьер-Лигасында 20 гол соғып үздік бомбардир атанды. 2024 жылғы 19 жасқа дейінгі жастар Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі (20 гол). 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан ұлттық құрамасының сапында алғашқы ойынын өткізді (4 матч).