“Елімай” Абай облысының ғылым қалашығына айналған Курчатов қаласына барды.
“Елімай” ФК және Абай облысының футбол федерациясы жасаған сапар екі кезеңнен тұрды. Бірінші бөлікте ойыншылар өңіріміздің терең тарихына бойлау үшін “Ұлттық ядролық орталықтың” мұражайымен таныс болды. Қазақстан аумағында ядролық қару сынағы зардабын жою әрі Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мақсатында жұмыс істеп тұрған шаһардың тыныс-тіршілігімен танысты.
Сапардың екінші бөлігі балаларға арналған спорттық-сауықтыру орталығында жалғасын тапты. Қала әкімі Болат Тансықбайұлы жергілікті бүлдіршіндер алдында бұқаралық спорттың маңызды екенін айтып Елімайдың алдағы ойындарына сәттілік тіледі. “Елімай” ұжымы бүлдіршіндерге клуб атынан негізгі құрам ойыншыларының қолы қойылған доптарды сыйға тартты. Кездесу соңында Курчатов қаласы мен “Елімай” ФК өзара ынтымақтастыққа отырып ойыншылардың автографсессиясына ұласты.