Главная страница » Клуб жаңалықтары » «Елімай М» екінші лиганы тең нәтижемен бастады.

«Елімай М» екінші лиганы тең нәтижемен бастады.

Күні кеше ғана Алматы қаласындағы «Қайрат» ФК базасында оқу жаттығу жиынын аяқтаған «Елімай М» командасы «SD Family» ұжымымен сәуір айының 10 күні Павлодар қаласының Орталық стадионында кездесу өткізіп Екінші лиганы тең нәтижемен бастады. Кілең семейлік жастардан жасақталған ұжым ойынды бірден шабуылмен бастады. Тиісінше 17-ші минутта Қуаныш Шаймарданов гол авторы атанды. Осылайша «Елімай М» Екінші лиганың бірінші ойыны тең нәтижемен басталды. Өткен жылы да Елімай Бірінші лигадағы жорығын Орал қаласында тең нәтижемен бастаған. Бәлкім бұл жәй ғана сәйкестік.

Естеріңізге сала кетейік ресми ойынға дейін Игорь Евгин бапкерлік ететін ұжым Қайрат академиясының жастар құрамасымен жолдастық кездесу өткізіп 1-1 есебімен тең тарқасты.

Тақырып бойынша материалдар

WELCOME TO EUROPE.

Еуропа қарашы, бұл Абайдың даласы! __________ WELCOME TO EUROPE. Elimai have done it — we’re heading to the UEFA Conference League! The dream begins now.  @fc_elimai