Рафаэль Фаритович кәсіби футбол алаңында ғана емес, өмір дейтін ұлы бекетте ұстаз бола білген адам.
Саналы ғұмырын шәкірттеріне арнап қана қоймай, өмірлік маңызды құндылықтарды олардың бойына сіңіре білді: адалдық пен еңбекқорлықты және қарсыласын құрметтеуді үйретті. Оның тұлғалық келбетіне қарап семейлік талантты ойыншылар бой түзеді, олардың көпшілігі жасыл алаңда ғана емес өмірде де үлкен жетістіктерге жете білді.
«Елімай» футбол клубы біздің жаттықтырушымызды білетін және жақсы көретін барлық адамдармен бірге қайғырып еске алады. Біз үшін бұл орны толмас қайғы. Оның ынта-жігері және футболға деген құштарлығы тәлім-тәрбие алған шәкірттерінің есінде мәңгі қалады.
Осы қиын сәтте «Елімай» футбол клубы Рафаэль Фаритовичті жерлеу шығындарын өтеу үшін жауапкершілікті өз мойнына алады. Сонымен қатар жалақысын биылғы футбол маусымының соңына дейін артта қалған отбасына қолдау көрсету үшін клуб төлейтін болады. Бұл өлмейтұғын артына із қалдырған тұлғаның жасаған игі істеріне алғысымыз.
Біздің жаттықтырушымыздың жаны тыныштықта болсын. Оның артына қалдырған өшпес мұрасы әрқайсымыздың жүрегімізде өмір сүреді. Біз оның жарқын күлкісін, дана кеңестерін және футболға деген шынайы сүйіспеншілігін ешқашан ұмытпаймыз.