Украиналық қақпашы запарожьелік «Металлургтің» түлегі. Максим өзінің туған командасынан бөлек, киевтік «Динамо», «Говерла», даттық «Оденсе», испаниялық «Депортиво», сауд арабиялық «Әл-Фатех» және молдовалық «Шериф» клубтарында өнер көрсеткен. Ол 2012-13 жылғы Украина Біріншілігінің үздік қақпашысы атанған. Сонымен қатар, ол Украина Кубогінің иегері, Молдова Біріншілігі мен Кубогінің жеңімпазы. 31-жасар футболшы Украина ұлттық құрамасы сапында 2012 жылғы Еуропа чемпионатының қатысушысы. Максим Коваль біздің командамызға грекиялық «Арис» клубынан еркін агент ретінде ауысты.
Сондай-ақ, тәжірибелі футболшы Еурокубоктерде 49 матчқа қатысып үлгерді.
Макс, «Елімайға» қош келдің!