«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Бүгін «Елімай» ФК қолдауымен 2008-2009 жылы туылған жасөспірімдер командалары арасында футболдан Абай облысының біріншілігінің жеребе тарту рәсімі өтті. Әр өңірден келген командалар 24-25 шілде күні жеңіс кубогін сарапқа салады. Жарыс «Водник», «Цементник» стадиондарында өтеді. 

Жарысқа қатысушы жасөспірімдер «Елімай» футбол орталығының бапкерлері бақылауында болады. Жарысқа қатысушы командалар төмендегідей.

1. Ақсуат

2. Аягөз

3. Жарма

4. Курчатов

5. Үржар

6. Бородулиха

7. Елімай 2009

8. Елімай 2008

9. Бесқарағай