Елімай үшін Бірінші лигада, бірінші голдың авторы атанған 33 жастағы қорғаушы Берік Айтбаев семейлік клуб сапындағы мансабын аяқтады. Биылғы маусымның QFL премьер-лигасында 3 ойынға қатысып үлгерді. Ұжымның атынан алдағы карьерасына сәттілік тілеп, Семейде өткізген 1 жарым маусымдағы естеліктері үшін алғыс білдіреміз!