«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » Семейде Accor әлемдік брендінің отель құрылысы басталады

Семейде Accor әлемдік брендінің отель құрылысы басталады

Жақында өңірде туризмнің дамуына серпін беретін Accor әлемдік брендінің отельі салынады.

Қонақ үй нарығының көшбасшыларының бірі саналатын Accor әлем бойынша 5 500-ден астам отельге иелік етеді.

Бұған дейін облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев пен Accor-дың Шығыс Еуропа елдеріндегі өңірлік даму жөніндегі вице-президенті Филипп Боне телекөпір арқылы байланысқа шығып, тараптар өзара ынтымақтастыққа мүдделі екенін жеткізген еді. Нәтижесінде жергілікті бизнес өкілдері мен әлемдік компания арасында тиісті меморандумға қол қойылды.

Әлемдік брендтің Семеймен байланыс орнатуына «Елімай» ФК бастамашы болды. Бүгінде команданың ойыны көпшіліктің назарын аударып отыр. Болашақ отельдің орналасатын жері – әуежайға барар жолдағы салынып жатқан жабық манеж бен ашық алаңның жаны.

Бұл жоба – аймақта туризмнің кең қанат жаюына ықпал етумен қатар, жергілікті тұрғындардың еңбекпен қамтылуына жол ашады. Отельде 100-ден астам тұрақты жұмыс орны ашылады, олардың денін жастар құрайды.

Сондай-ақ, студенттерге халықаралық стандарт бойынша қонақ үй сервисі саласында тағылымдамадан өту бағдарламалары енгізіледі. Жоба жергілікті мамандардың жұмысқа орналасып, кәсіби өсуіне мүмкіндік береді.

Отель туристер мен инвесторларды тартпақ. Бұл қаланың және облыстың экономикалық дамуына ықпал етеді. Сонымен қатар, жергілікті кәсіпкерлердің қызметтері және тауарларына сұранысты арттырады. Сондай-ақ, мәдениет пен білім саласына да серпін беріп, мұражайлардың, түрлі іс-шаралардың көбеюіне ықпал етеді.

Тақырып бойынша материалдар

«Елімай» — тек футбол клубы ғана емес, одан да кең көлемдегі ұғым!

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау семейлік «Елімай» футбол клубына арнайы барып, клуб басшылығымен және бас бапкерімен кездесті. Кездесу барысында ол клубтың жалпы жұмысы, инфрақұрылымы және болашақ жоспарларымен танысты. Сырымбек Тау клубтың даму стратегиясына, әсіресе жергілікті жастардан құралған жасөспірімдер командасының жетістіктеріне және әйелдер

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.

Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай

Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай