«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Қош келдің Анеля

«Елімай» қыздар футбол клубы 18 жастағы Анелямен келісімшартқа отырды. Шымкент футболының түлегі Анеля Мамырова 2023 жылы Әйелдер Премьер-Лигасында 20 гол соғып үздік бомбардир атанды. 2024 жылғы 19 жасқа дейінгі жастар Қазақстан чемпионатының үздік бомбардирі (20 гол). 2023 жылдың қыркүйегінде Қазақстан ұлттық құрамасының сапында алғашқы ойынын өткізді (4 матч).

Тақырып бойынша материалдар

Акмаль Бахтияров Елімай сапында дебюттік ойынын өткізді

Қазақстан премьер лигасының 5 туры аясында Елімай өз алаңында біріншілік үздіктерінің қатарында келе жатқан Тобол командасын қабылдады. Тартысты ойында 5 гол соғылды. Елімай сапындағы Роман Муртазаев пен Иван Свиридов екі гол соғып жанкүйерге үміт сыйлады. Ойынның екінші бөлігінде қатарымызға жаңадан қосылған Акмаль алаңға шығып Елімай сапындағы дебюттік ойынын өткізді.

«Елімай» — тек футбол клубы ғана емес, одан да кең көлемдегі ұғым!

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау семейлік «Елімай» футбол клубына арнайы барып, клуб басшылығымен және бас бапкерімен кездесті. Кездесу барысында ол клубтың жалпы жұмысы, инфрақұрылымы және болашақ жоспарларымен танысты. Сырымбек Тау клубтың даму стратегиясына, әсіресе жергілікті жастардан құралған жасөспірімдер командасының жетістіктеріне және әйелдер

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.