Белоруссия ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Николай Золотов семейліктердің намысын жасыл алаңда 263 минут қорғады. Жазғы трансферлік мерзімнің келуімен қатар футболшы Елімайдағы мансабын аяқтағанын хабарлаймыз. Өткен жылы Украина, биыл Қазақстан біріншілігінде ойнау тәжірибесі бар халықаралық деңгейдегі ойыншының алдағы мансабына сәттілік тілейміз!
Акмаль Бахтияров Елімай сапында дебюттік ойынын өткізді
Қазақстан премьер лигасының 5 туры аясында Елімай өз алаңында біріншілік үздіктерінің қатарында келе жатқан Тобол командасын қабылдады. Тартысты ойында 5 гол соғылды. Елімай сапындағы Роман Муртазаев пен Иван Свиридов екі гол соғып жанкүйерге үміт сыйлады. Ойынның екінші бөлігінде қатарымызға жаңадан қосылған Акмаль алаңға шығып Елімай сапындағы дебюттік ойынын өткізді.