Елімайдың QFL премьер-лигасындағы алғашқы голының авторы Камерундық Ндип Тамб. Қостанай қаласында өткен ойында ең жылдам голымен жанкүйерлердің есінде қалды. Семейліктердің намысын 12 ойында қорғаған шабуылшының тіпті кейбір голдары есепке алынбады. 30-ға толған шағында орда тұрғызатынына сенім артып, алдағы мансабына сәттілік тілейміз!
Елімай Қайратты тізе бүктірді
Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.