Клубтың алға қойған мақсаттары мен алда қандай жаңалықтар күтіп тұрғаны туралы кеңінен тарқатылды.
«Спартак» стадионында өтетін ойынның билет бағасы бұрынғыша 500 теңге болып қала береді.
Бас бапкер биылғы маусымда жастарға баса назар аударып, Түркиядағы оқу жаттығу жиынында жасаған жоспарлармен жаңаша стильде өнер көрсететіндігін жеткізді.
«Елімай М» ұшақтар кентіндегі жасанды төсеніштегі жаңа алаңда ойнайды. Жерігілікті жас ойыншыларымыз Семей футболының келешегі болғандықтан клуб үлкен үміт артамыз.
Акмаль Бахтияров Елімай сапында дебюттік ойынын өткізді
Қазақстан премьер лигасының 5 туры аясында Елімай өз алаңында біріншілік үздіктерінің қатарында келе жатқан Тобол командасын қабылдады. Тартысты ойында 5 гол соғылды. Елімай сапындағы Роман Муртазаев пен Иван Свиридов екі гол соғып жанкүйерге үміт сыйлады. Ойынның екінші бөлігінде қатарымызға жаңадан қосылған Акмаль алаңға шығып Елімай сапындағы дебюттік ойынын өткізді.