«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » Семейдегі футбол серпілісі

Семейдегі футбол серпілісі

Қазақ футболының отанында 8500 жанкүйер “Елімай” — “Қызылжар” ойынын тамашалады. Күні бүгінге дейін ойындар күндізгі уақытта өтіп келгенін білеміз. Ал қазір стадионға заманауи жарық шамдар орнатылып ұзақ уақыт орындықтарын шаң басқан жасыл алаңға жан біткендей болды. Турнирдің жартылай финалын сарапқа салған бұл ойында командаға жакүйерлердің тигізген үлесі де зор. Лық толы стадионды соңғы рет 90-шы жылдары Елімай үш дүркін ел чемпионы болғанда жылдары ғана көретінбіз. Енді міне тарихты қайталауға болатынына көз жеткізгендей болдық. Осы орайда клуб басшылығы онлайн билет сату желісін іске қосып, қашықтықтан 2623 семейлік билет сатып алған. Ал арнайы офлайн кассадан 2895 билет сатылды. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге кіру тегін болды. Осылайша 8500 жанкүйер футбол кешінің көркін қыздырды. Естеріңізге сала кетейік билеттен түскен барлық қаражат Абай облысына қарасты барлық аудан мен ауылдарға медициналық арнайы жабдықтар сатып алуға жұмсалады.

Тақырып бойынша материалдар

2025 жылы, еліміздің рухани ұстазы, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы атап өтіледі

Осы айтулы датаға орай, Семей қаласында түрлі мәдени шаралар мен еске алу іс-шаралары ұйымдастырылады. Елімай футбол клубы да осы маңызды оқиғадан шет қалмай, Семей халқымен бірге Абайды еске алу салтанатына ат салысады. Ұлы ақынның шығармашылығы мен мұрасы бүгінгі ұрпаққа баға жетпес рухани қазына ретінде қалады. Барша Семей жұртшылығын және спорт

2025 жылғы маусымдағы үй матчтарына абонементтер сатыла бастады!

Абонементтің бағасы 5000 теңге. Саны шектеулі, сондықтан бұл тиімді ұсынысты жіберіп алмаңыз! Назар аударыңыз: билеттер мен абонементтерді сатып алу үшін жүйеге тіркелу қажет. Келешекте жеке кабинетіңізде сатып алынған билеттер мен абонементтерді жүктей аласыз. Қолдау қызметінің телефоны: +7 (778) 542-12-75

Алғашқы турды Атырауда өткіздік

Қазақстан премьер-лигасының алғашқы ойыны мұнайшылар қаласындағы «Атырау» ұжымына қарсы өтті. Алғашқы голды алаң иелері бұрыштама арқылы стандартты сәтті орындап соға білді. Елімайлықтардың жауабы Мужиковтың пасымен Муличтің шебер соққысымен ұласты. Қос құрам үзіліске тең нәтижемен тарқасты. Екінші таймда күтпеген жерден Елімай қақпасына пенальти белгіленіп Барбоза Атыраудың бағын үстем етті.