«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » ВИТАЛИЙ КАГАН ЕЛІМАЙ — ТАРИХИ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ТҰТАС ЖОБА

ВИТАЛИЙ КАГАН ЕЛІМАЙ — ТАРИХИ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҮРДЕ ТҰТАС ЖОБА

Кейде жанкүйерлер қазіргі «Елімайды» бір кездері атағы алты алашқа мәшһүр болған өте атақты команданың мұрагері ретінде айта аламыз ба, деп сұрайды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен ғасырдың 90-жылдарындағы «Елімай» құрамы еліміздің кәсіби футболында бірқатар рекордтар орнатты.

Сол уақытта Семей командасы Қазақстанның алғаш үш дүркін чемпионы атанды (1994, 1995, 1998) және бір маусымда бірінші болып (1995) ұлттық біріншіліктің алтынын, сондай-ақ ҚР Кубогы мен Суперкубогын жеңді.

«Елімай» жалауын желбірету үшін алыс шалғайдан келген кәсіпқой футболшылардың келуі символдық көрініс болып табылады. Мысалы, әйгілі «Коринтианс» намысын қорғап сонау Сан-Паулудан Бразилия чемпионы болып келген ойыншыларды айтуға болады. Жергілікті жанкүйерлердің жадында әлі күнге дейін сақталған Маркос Роберто мен Сампайо Пиментуді де жатқызамыз.

Ағымдағы маусымда ойыншылар мен жаттықтырушылардың арасында және «Елімай» басшылығының қазіргі құрамының қатарынан сенімді ұжымдық сабақтастық байқалады. Бұл ардагерлердің жетістіктерін даусыз арттыруға қабілетті ауысым деп атауға мүмкіндік береді.

Әр жылдардағы «Елімай» ұрпақтар сабақтастығындағы деректер анағұрлым қызықты. Соңғы үкімді Абай облысының футбол федерациясының президенті Виталий Каган шығарды.

«Әлемдік футбол қауымдастығында клубтық сабақтастық құқығы бірнеше және ресми түрде қабылданған критерийлермен расталады. Бұл негізінен команданың атауы, бір қала және бір стадион, клуб түстері мен адам факторлары. Осы орайда біздің команданың жағдайын бір қарап-ақ білуге болады. Қала — Семей. Стадион — «Спартак». Клубтың негізгі түсі де жасыл болып сақталған. Адамдарын да жатқыза аламыз. Өткен жылдардағы «Елімай» ойыншыларының көптеген жұлдыздары қазіргі таңда клуб жүйесінде жұмыс істейді. Мысалы, Андрей Карпович, Борис Глушков, Сергей Бойченко, Андрей Орлов, Сергей Вишняков, Сергей Еремин және т.б. Клубтың өзіне келетін болсақ кішкене құпия ашып бөлісейін. Алдыңғы жылдардағы «Елімай» басшылығы клуб болмысын заңды түрде патенттеген. Команда қайта жанданғаннан кейін оның патенттік күшімен сақталған атауы мен өзектілігін қалпына келтірді және сәйкесінше клубқа біріктірілді. Әрине, заңнамада көзделген барлық формальдылықтар мұқият тәртіпте сақталды. Сол себепті ел арасында пайда болатын күдіктерді артық деп санаймыз. Сабақтастықты кез-келген сәтте оңай негіздеуге болады. Құжаттар бар. «Елімай» — бұл тарихи және заңды түрде біртұтас жоба». — деп қорытындылады Абай облысының футбол федерациясының президенті.

Тақырып бойынша материалдар

Акмаль Бахтияров Елімай сапында дебюттік ойынын өткізді

Қазақстан премьер лигасының 5 туры аясында Елімай өз алаңында біріншілік үздіктерінің қатарында келе жатқан Тобол командасын қабылдады. Тартысты ойында 5 гол соғылды. Елімай сапындағы Роман Муртазаев пен Иван Свиридов екі гол соғып жанкүйерге үміт сыйлады. Ойынның екінші бөлігінде қатарымызға жаңадан қосылған Акмаль алаңға шығып Елімай сапындағы дебюттік ойынын өткізді.

«Елімай» — тек футбол клубы ғана емес, одан да кең көлемдегі ұғым!

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау семейлік «Елімай» футбол клубына арнайы барып, клуб басшылығымен және бас бапкерімен кездесті. Кездесу барысында ол клубтың жалпы жұмысы, инфрақұрылымы және болашақ жоспарларымен танысты. Сырымбек Тау клубтың даму стратегиясына, әсіресе жергілікті жастардан құралған жасөспірімдер командасының жетістіктеріне және әйелдер

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.