Осы айтулы датаға орай, Семей қаласында түрлі мәдени шаралар мен еске алу іс-шаралары ұйымдастырылады. Елімай футбол клубы да осы маңызды оқиғадан шет қалмай, Семей халқымен бірге Абайды еске алу салтанатына ат салысады. Ұлы ақынның шығармашылығы мен мұрасы бүгінгі ұрпаққа баға жетпес рухани қазына ретінде қалады. Барша Семей жұртшылығын және спорт сүйер қауымды мерейтойды бірге атап өтуге шақырамыз!
Жетісу жерінде жеңіске жеткен Елімай
Сәуір айының қорытынды ойынын сырт алаңда өткізген Елімай командасы Жетісу командасын айқын басымдылықпен жеңді. Алғашқы минутта Самюель Одеоибо есеп ашып, артынша Плакка мен Фейсалдың голы Семейліктерге жеңіс сыйлады. Бұл жолы бас бапкер дас ойыншыларға мүмкіндік беріп көрді. Атап айтсақ Абылай Назымханов және дебюттік ойын өткізген Егор Ткаченко. Ендігі кезекте Елімай