Қазақстан премьер-лигасының алғашқы ойыны мұнайшылар қаласындағы «Атырау» ұжымына қарсы өтті. Алғашқы голды алаң иелері бұрыштама арқылы стандартты сәтті орындап соға білді. Елімайлықтардың жауабы Мужиковтың пасымен Муличтің шебер соққысымен ұласты. Қос құрам үзіліске тең нәтижемен тарқасты. Екінші таймда күтпеген жерден Елімай қақпасына пенальти белгіленіп Барбоза Атыраудың бағын үстем етті.
2025 жылы, еліміздің рухани ұстазы, хакім Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы атап өтіледі
Осы айтулы датаға орай, Семей қаласында түрлі мәдени шаралар мен еске алу іс-шаралары ұйымдастырылады. Елімай футбол клубы да осы маңызды оқиғадан шет қалмай, Семей халқымен бірге Абайды еске алу салтанатына ат салысады. Ұлы ақынның шығармашылығы мен мұрасы бүгінгі ұрпаққа баға жетпес рухани қазына ретінде қалады. Барша Семей жұртшылығын және спорт