«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

Главная страница » Клуб жаңалықтары » Елімай футбол клубы ашық есік күнін өткізді

Елімай футбол клубы ашық есік күнін өткізді

«Елімай» футбол клубы қайта құрылғалы бері қоғаммен тығыз байланыс орнатып, ашықтықты ұстанып келеді. Бүгін Семей қаласындағы Спартак стадионында өткен ашық есік күні соның айқын дәлелі болды. Клуб басшылығымен жүздесіп, кері байланыс орнатқан 250-ге жуық жанкүйер футболдың болашағына алаңдаушылық білдіріп, өз пікірлерін ортаға салды.

Елімай – тек негізгі құрамнан ғана тұратын футбол клубы емес, бүгінде 1500-ге жуық тәрбиеленушісі бар үлкен жанұяға айналған. Орталықтың болашаққа қойылған жоспарлары да зор. Бұл туралы орталық басшысы Ефим Германович кеңінен баяндап, алдағы маусымға деген ерекше жоспарларымен бөлісті.

Күні кеше Бурабайда өткен құрылтайда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы еліміздегі футбол спортының дамуына ерекше назар аударды. Бұл істі Елімай футбол клубы екі жыл көлемінде белсенді қолға алып, одан әрі дамытуды көздеп отыр. Қазақ футболы ұрпақ тәрбиелеу жолында маңызды рөл атқаратынын ұмытпайық. Біз бірге болсақ, көппіз!

Тақырып бойынша материалдар

Акмаль Бахтияров Елімай сапында дебюттік ойынын өткізді

Қазақстан премьер лигасының 5 туры аясында Елімай өз алаңында біріншілік үздіктерінің қатарында келе жатқан Тобол командасын қабылдады. Тартысты ойында 5 гол соғылды. Елімай сапындағы Роман Муртазаев пен Иван Свиридов екі гол соғып жанкүйерге үміт сыйлады. Ойынның екінші бөлігінде қатарымызға жаңадан қосылған Акмаль алаңға шығып Елімай сапындағы дебюттік ойынын өткізді.

«Елімай» — тек футбол клубы ғана емес, одан да кең көлемдегі ұғым!

«Туған жерге туыңды тік» инвестициялық форумы аясында белгілі кәсіпкер, қоғам қайраткері Сырымбек Тау семейлік «Елімай» футбол клубына арнайы барып, клуб басшылығымен және бас бапкерімен кездесті. Кездесу барысында ол клубтың жалпы жұмысы, инфрақұрылымы және болашақ жоспарларымен танысты. Сырымбек Тау клубтың даму стратегиясына, әсіресе жергілікті жастардан құралған жасөспірімдер командасының жетістіктеріне және әйелдер

Елімай Қайратты тізе бүктірді

Қазақстан премьер лигасының 9-тур ойыны «Елімай» — «Қайрат» арасында өтті. Семей қаласының Спартак стадионында 8500 көрермен аталмыш ойынды тамашалады. 90 минут бойы арпалысқан қос ұжым жеңіске жұлып әкетуге талпынды. Андрей Карпович ойыншыларды сәтті алмастырып Иван Свиридовтың жеңісті голына куә болды.