Қазақ футболының отанында 8500 жанкүйер “Елімай” — “Қызылжар” ойынын тамашалады. Күні бүгінге дейін ойындар күндізгі уақытта өтіп келгенін білеміз. Ал қазір стадионға заманауи жарық шамдар орнатылып ұзақ уақыт орындықтарын шаң басқан жасыл алаңға жан біткендей болды. Турнирдің жартылай финалын сарапқа салған бұл ойында командаға жакүйерлердің тигізген үлесі де зор. Лық толы стадионды соңғы рет 90-шы жылдары Елімай үш дүркін ел чемпионы болғанда жылдары ғана көретінбіз. Енді міне тарихты қайталауға болатынына көз жеткізгендей болдық. Осы орайда клуб басшылығы онлайн билет сату желісін іске қосып, қашықтықтан 2623 семейлік билет сатып алған. Ал арнайы офлайн кассадан 2895 билет сатылды. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдерге кіру тегін болды. Осылайша 8500 жанкүйер футбол кешінің көркін қыздырды. Естеріңізге сала кетейік билеттен түскен барлық қаражат Абай облысына қарасты барлық аудан мен ауылдарға медициналық арнайы жабдықтар сатып алуға жұмсалады.
Акмаль Бахтияров Елімай сапында дебюттік ойынын өткізді
Қазақстан премьер лигасының 5 туры аясында Елімай өз алаңында біріншілік үздіктерінің қатарында келе жатқан Тобол командасын қабылдады. Тартысты ойында 5 гол соғылды. Елімай сапындағы Роман Муртазаев пен Иван Свиридов екі гол соғып жанкүйерге үміт сыйлады. Ойынның екінші бөлігінде қатарымызға жаңадан қосылған Акмаль алаңға шығып Елімай сапындағы дебюттік ойынын өткізді.