Жаңа жаусымның оқу жаттығу жиыны қарсаңында «Елімай» футбол клубын Ресей бірінші лигасында көш бастап келе жатқан «Балтика» ұжымы қабылдады. 90 минутқа созылған ойынды Қырғызстандық төрешілер қазылық етті. Ойынның 17 минутында Әділбек Жұмахановқа қызыл қағаз көрсетіліп алаңнан қуылды. Жуырда ғана қатарға қосылған Эдуард Флореску дебьюттік ойынын өткізді. Алғашқы таймда тең тарқасқан қос ұжым екінші таймда ашық айқасқа кірісті, нәтижесінде ресейлік ұжым есеп ашты.
Елімайдың негізгі жолдастық кездесудегі негізгі құрамы:
қақпашы : Егор Цуприков
қорғаушы: Самюель Одеоибо, Әділбек Жұмаханов, Ади Адамбаев, Алмас Тюлюбай
жартылай қорғаушы: Дэвид Майком, Никита Корзун, Эдуард Флореску
шабуылшы: Роман Тугарев, Жан Али Пайруз, Фейсал Мулич
Балтика 1-0 Елімай