«Елімай» футбол клубының ресми парақшасы

РАҚМЕТ БЕРІК АЙТБАЕВ

Елімай үшін Бірінші лигада, бірінші голдың авторы атанған 33 жастағы қорғаушы Берік Айтбаев семейлік клуб сапындағы мансабын аяқтады. Биылғы маусымның QFL премьер-лигасында 3 ойынға қатысып үлгерді. Ұжымның атынан алдағы карьерасына сәттілік тілеп, Семейде өткізген 1 жарым маусымдағы естеліктері үшін алғыс білдіреміз!

Дмитрий Шомко Серік Жейлитбаев атындағы сыйлықтың иегері

ҚФФ бұл сыйлықты 2013 жылдан бастап премьер-лигада ең көп ойын өткізген ойыншыға беруде. Өткен жылдың қорытындысы бойынша премьер-лигада 352 матч өткізген Дмитрий Шомко аталмыш жүлденің иегері атанды. «Жетісумен» ойын алдында жүлдені Семей футболының ардагері Александр Борисов табыстады.Осыған дейін бұл жүлде Нұрбол Жұмасқалиев, Самат Смақов, Қайрат Әшірбеков, Игорь Юрин, Ренат Абдуллин, Мақсат Байжанов, Азат Нұрғалиев, Эдуард […]

Елімай — Жетісу ойынына 6300 адам жиналды

QFL премьер-лигасының 13-тур ойынында 6300 жанкүйер жиналды. Алайда екінші таймдағы ауа-райының қолайсыздығына орай бірқатар жанкүйер ойынды соңына дейін тамашалай алмады. Ыстық пен суықта қолдау білдірген шынайы жанкүйерлерімізге клуб атынан алғыс білдіреміз! Біз біріксек қана күшпіз!

Елімай Курчатовта

“Елімай” Абай облысының ғылым қалашығына айналған Курчатов қаласына барды. “Елімай” ФК және Абай облысының футбол федерациясы жасаған сапар екі кезеңнен тұрды. Бірінші бөлікте ойыншылар өңіріміздің терең тарихына бойлау үшін “Ұлттық ядролық орталықтың” мұражайымен таныс болды. Қазақстан аумағында ядролық қару сынағы зардабын жою әрі Қазақстанда атом энергетикасын дамыту мақсатында жұмыс істеп тұрған шаһардың тыныс-тіршілігімен танысты.  Сапардың […]

Жанкүйерлер назарына

«Елімай» футбол клубы «Қайратпен» өткен матчта көрсеткен керемет қолдауларыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Бұл ұмытылмас кеште біз қазақ футболының отаны Семей екенін тағы бір мәрте дәлелдік. Кеше біз тарихи жетістікке қол жеткізіп қана қоймай Семей футболының тарихында болмаған сенсацияның куәгері болдық. Себебі бұған дейін стадионда мұнша жанкүйерлер ешқашан жиналмаған. Ең бастысы сіздер осы оқиғаның […]

Елімайдың ашық есік күні

2012-2017 жылы туған балалар аралығында 250-ге жуық бүлдіршін “Спартак” стадионында «Елімай» футбол орталығының бапкерлерінің алдында қаралымнан өтті. Әр баланың бойында Семей футболының болашағы боламын деген таудай талап бар. Елімай сол арманға толы жүректің тоғыстырған нүктесіне айналды. Ашық есік күнімен басталған бүгінгі футбол мерекесі «Елімай» — «Қайрат» ойынымен жалғасын таппақ.

Біз тек қатарымызды ғана емес, географиямызды да кеңейтеміз

Елімай ФК әкімшілігі Абай облысының футбол федерациясымен бірлесіп Аягөз қаласына іс-сапар жасады. Қаланың қасбетімен қатар футболдың философиясы жаңа мазмұнға ие болады. Ең маңызды жаңалық! Егер меморандумның барлық тармақтары осы жылы сәйкестендірілсе, онда “Елімай жастары” командасы өз матчтарын Аягөзде өткізеді!Бұл бүкіл ауданның дамуына жаңа серпін беріп, еліміздің әр өңірінен командалар келеді мен қонақтар келеді. Жанкүйерлер мен […]

Елімай футбол орталығында ашық есік күні

Семейлік жас футболшылар және олардың ата-аналарының назарына!Келешекте өз қалаңның намысын биік белестерде қорғайтын даңқты футболшы болу үшін қазірден бастап талмай еңбек ету қажет. Осы орайда 19-мамыр «Елімай» футбол орталығында ашық есік күні өтеді. Қапы қалма! Әр жылғы балаларды қабылдайтын жеке бапкерлермен байланысқа шыға аласыз! 2012-жылғы балалар үшін: 8 771 288 28 11 2013-жылғы балалар үшін: […]

Никита Корзун Белоруссия ұлттық құрамасы сапында

Белоруссия ұлттық құрамасы ұзақ үзілістен кейін Ресейге қарсы жолдастық кездесуді 7 маусым күні Минскідегі «Динамо» стадионында өткізеді. Одан әрі сапарын Венгрия астанасы Будапештте жалғастырып “Ференца Суса” стадионында Израиль құрамасын қабылдайды. Никита Корзунға сәттілік тілейміз!

Аналар — әлемнің жылуы

“Елімай” — “Шахтер” арасындағы QFL премьер-лигасының 8-тур ойынын, барша аналарымызды айтулы мерекесімен құттықтап бастадық. Елімай футбол орталығының тәрбиеленушілерінің аналары қос ұжыммен алаңға көпшіліктің ықыласына бөленді. Біздің өмірімізде әйел адамның орыны ерекше, әрқашан құрметтейік!